Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Олимпиада чемпиондары Андрей Абдувалиев пен Дильшод Назаровтың жүлдесіне арналған III халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні өтті.
Ерлер арасында 1500 метрге жүгіруде қазақстандық Нұрдәулет Медеубаев қола медаль иеленді. Спортшы қашықтықты 4:03.75 нәтижемен аяқтап, үздік үштікті түйіндеді.
Бұл сында Қазақстан құрамасы бірден екі жүлдеге қол жеткізді. Игорь Хрунин 3:53.12 нәтижемен турнир жеңімпазы атанса, Нұрдәулет Медеубаев қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, аталған дисциплинада қырғызстандық Самат Казакбаев 3:58.01 нәтижемен күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Нұрдәулет Медеубаев пен оның бапкерлерін жүлделі нәтижесімен құттықтайды!