Михаил Литвин Орталық Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден жеңіске жетті

Михаил Литвин Орталық Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден жеңіске жетті

Мария Ефремова Орталық Азия чемпионатында үш қарғып секіруден жеңіске жетті

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Мария Ефремова үш қарғып секіруден алтын жүлде алды. Қазақстандық спортшы 13,33 метр нәтижемен жарыста 13 метр межесінен асқан жалғыз қатысушы болды.

Екінші орын алған сингапурлық Тиа Луизе Розарио 12,68 метрге секірді. Ефремова одан 65 сантиметрге озды. Тағы бір қазақстандық спортшы Варвара Дмитриева 12,58 метр нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Үш қарғып секіру. Әйелдер:

1. Мария Ефремова (Қазақстан) — 13,33 м
2. Тиа Луизе Розарио (Сингапур) — 12,68 м
3. Варвара Дмитриева (Қазақстан) — 12,58 м