Мұратбай Дәурен Мұханбетұлы 1988 жылы 9 мамырда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді, Абылай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы бастап, құрылыс және инжиниринг, білім беру сапасын бақылау, мұнай-газ және өндірістік басқару салаларында түрлі басшылық қызметтер атқарған. Ақтау қаласында бірқатар компанияларды басқарды, сондай-ақ «Қазақ күресі» федерациясының Маңғыстау облыстық филиалын басқарған.
Соңғы жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігін және «Oil Construction Company» ЖШС-ін қатар басқарып келеді. Өңірлік деңгейде ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысқан.