Гонконгта өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Маргарита Коссинова жүлдегерлер қатарынан көрінді.
400 метрге кедергілер арқылы жүгіру финалында ол үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды. Осылайша Коссинова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені қосты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Анна Черкашина күміс медаль иеленсе, Мария Щипачева, Алина Головина және Асқар Өмірзақ қола жүлдегер атанған болатын.