Гонконгте өткен жеңіл атлетикадан U-20 Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 7-орынға ие болды.
Чемпион атанған Максим Сажнев диск лақтырудан 60,45 метр нәтиже көрсетіп, Қазақстанның U-20 санатындағы жаңа рекордын орнатты.
Күміс жүлдені Анна Черкашина (сырықпен секіру) және 4×400 метрлік эстафетадағы әйелдер құрамасы (Милана Зубарева, Маргарита Косинова, Мария Зиневич, Софья Киденко) жеңіп алды.
Қола жүлдегерлер қатарында Мария Щипачева (үш қарғып секіру), Алина Головина (100 м кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Косинова (400 м кедергілер арқылы жүгіру) және Асқар Өмірзақтың (онсайыс) есімдері аталды.
Біріншілікте қазақстандық спортшылар 15 жеке рекорд жаңартып, 9 нәтиже соңғы 20 жылдағы U-20 Азия чемпионаттарындағы Қазақстанның үздік көрсеткіштері қатарына енді.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры «Sport Qory».