Кристина Овчинникова FBK Games турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кристина Овчинникова FBK Games турнирінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландтың Хенгело қаласында өткен Fanny Blankers-Koen Games халықаралық турнирінде жүлдегер атанды.

Отандасымыз әйелдер арасында биіктікке секіру секторында өнер көрсетіп, 1.88 метр нәтижемен қола медаль жеңіп алды. Осылайша, Кристина Овчинникова әлемдік деңгейдегі беделді турнирде үздік үштікке енді.

Бұл сында украиналық Ярослава Магучих 1.94 метр нәтижемен алтын медаль иеленсе, кубалық Дакси Аделина Брисон 1.91 метр көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды.