Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Бағдарламаға сәйкес, салтанатты рәсімнен кейін қатысушылар жеңіл атлетикадан жеке жүгіру және эстафеталық жарыстарда бақ сынады.
Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Орынғазыұлы Исқазиев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Келбет Нұрғазина қатысты.
Федерация мұндай бастамалардың бұқаралық спортты дамытуда және жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттауда маңызы зор екенін атап өтеді. Спартакиада аясындағы жеңіл атлетика жарыстары қатысушылардың төзімділігін, жылдамдығын және командалық рухын күшейтуге мүмкіндік береді.