Иван Иванов — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Иван Иванов — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатқан лақтыру түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Иван Иванов қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз ядро итеру сайысында 19,41 метр нәтиже көрсетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады. Азия чемпионатының алтын жүлдесін Қытай өкілі Хонгфэй Чэн (20,18 м) жеңіп алса, күміс медаль тағы бір қытайлық спортшы Чэнью Чэнға (19,64 м) бұйырды.

Айта кетейік, Иван Иванов — Қазақстан құрамасына аталған құрлық біріншілігіндегі алғашқы жүлдені сыйлаған спортшы.

Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы Иван Ивановты Азия чемпионатының қола жүлдесімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейді.