Өткен аптада Қарағандыда спорт ардагерлері арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының ІІ жаздық Чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің өңірлерінен және көршілес Өзбекстаннан 130 спортшы қатысты. Қатысушылардың жас ерекшелігі 35-74 жас болды. Олардың көпшілігі Олимпиада ойындарының, Әлем Чемпионатының, Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар әлемдік Мастерс ойындарының рекордсмендері.
Қортынды бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынға Павлодар облысының спортшылары жайғасты (55 алтын медаль). Қарағанды облысының спортшылары 46 алтын медальмен екінші орын, Нұр-сұлтан құрамасы 19 алтын медальмен үшінші орынды жеңді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар жас санаттарына қарай 42 рекорд орнатылды.
- "Самұрық-Қазына" АҚ және "Sport Qory"туризм және спорт индустриясын қолдау қоры қолдауымен