Игорь Хрунин Душанбедегі халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Игорь Хрунин Душанбедегі халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Олимпиада чемпиондары Андрей Абдувалиев пен Дильшод Назаровтың жүлдесіне арналған III халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні өтті.

Ерлер арасында 1500 метрге жүгіруде қазақстандық Игорь Хрунин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы қашықтықты 3:53.12 нәтижемен аяқтап, қарсыластарынан айқын басым түсті.

Игорь Хрунин мәреге екінші орын алған спортшыдан шамамен 5 секунд бұрын жетті. Бұл нәтиже оның маусымдағы жоғары дайындығын көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Айта кетейік, аталған дисциплинада қырғызстандық Самат Казакбаев 3:58.01 нәтижемен күміс жүлде иеленсе, қазақстандық Нұрдәулет Медеубаев 4:03.75 көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Игорь Хрунин мен оның бапкерлерін жеңісімен құттықтайды!