Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан алғашқы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлде еншіледі.
Марапаттау рәсімінде ұлттық құрама спортшысы Елизавета Матвеева жеңіс тұғырына көтеріліп, қола медаль иегері атанды. Алғаш рет жеке дода ретінде ұйымдастырылған чемпионаттағы бұл жүлде — Қазақстан құрамасы үшін елеулі жетістік.
Айта кетелік, биіктікке секіруде өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева алтын, қытай спортшысы күміс жүлдегер атанды. Ал отандасымыз бен Гонконг өкілі Чун Вай Я 180 см биіктікті бағындырып, қола медальға ие болды.
Елизаветаны жүлделі нәтижесімен құттықтаймыз! Алда жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!