Душанбедегі халықаралық турнирде алты спортшымыз бақ сынайды

Душанбедегі халықаралық турнирде алты спортшымыз бақ сынайды

2026 жылғы 14 маусымда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Олимпиада чемпиондары Андрей Абдувалиев пен Дильшод Назаровтың жүлделеріне арналған III халықаралық турнир өтеді.

Аталған жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да қатысады. Ел намысын алты жеңіл атлет қорғап, олар бес дисциплина бойынша бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы сапында Дарья Гридасова 100 метрге жүгіруде сынға түседі. Спортшының аталған қашықтықтағы жеке рекорды — 11,92 секунд.

Нұрдәулет Медеубаев пен Игорь Хрунин 1500 метрге жүгіруде ел намысын қорғайды. Нұрдәулеттің жеке рекорды — 3:56,00, ал Игорь Хруниннің үздік нәтижесі — 3:49,97.

Әйелдер арасында 800 метрге жүгіруде Виктория Сукачева жарыс жолына шығады. Оның жеке рекорды — 2:09,88.

Маргарита Косинова 200 метр және 400 метр қашықтықтарда бақ сынайды. Спортшының 400 метрдегі жеке рекорды — 55,50 секунд.

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Алан Иванов өнер көрсетеді. Оның жеке рекорды — 48,30 секунд.

III халықаралық турнир қазақстандық спортшылар үшін маусымдағы маңызды старттардың бірі болмақ. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құрама спортшыларына сәттілік тілейді!