Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Олимпиада чемпиондары Андрей Абдувалиев пен Дильшод Назаровтың жүлдесіне арналған III халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні өтті.
Әйелдер арасында 100 метрге жүгіруде қазақстандық Дарья Гридасова қола медаль жеңіп алды.
Алматылық спортшы алдын ала кезеңде 12.35 секунд нәтижемен үшінші уақыт көрсетіп, финалға сенімді өтті. Шешуші сында Дарья нәтижесін жақсартып, мәреге 12.25 секундта жетті.
Қола медаль үшін тартыс өте шиеленісті өтті. Дарья Гридасова мен Түрікменстан өкілі Енежан Еседованың нәтижесін анықтау үшін фотофиниш қолданылды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы қарсыласынан 0.03 секундқа озып, жүлдегер атанды.
Айта кетейік, аталмыш дисциплинада өзбекстандық Лавло Аллаберганова 11.83 секунд нәтижемен жеңімпаз атанса, Түрікменстан өкілі Валентина Мередова 11.97 секунд көрсеткішімен күміс жүлде иеленді.