Богдан Гончаров жеке рекордын екі рет жаңартып, U20 әлем чемпионатына жолдама алды

Богдан Гончаров жеке рекордын екі рет жаңартып, U20 әлем чемпионатына жолдама алды

Гонконгта өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 Азия чемпионатында қазақстандық кедергілермен жүгіруші Богдан Гончаров жоғары нәтиже көрсетті.

110 метрге кедергілер арқылы жүгіру финалында спортшы 13,75 секунд нәтижемен мәре сызығын кесіп өтіп, 5-орынға ие болды. Ол таңертеңгі көрсеткішін тағы 0,14 секундқа жақсартып, жарыс барысында тұрақты және жоғары деңгейлі нәтиже көрсетті.

Бұл нәтиже Богдан Гончаровқа U20 әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік берді. Жарыс 5–9 тамыз күндері АҚШ-тың Орегон штатында өтеді.

Айта кетейік, медаль бұйырмағанымен, бұл көрсеткіш спортшының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін және даму қарқынын айқын көрсетті.