«ҚР Жеңіл атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық комитеті тарапынан «Пара жеңіл атлетика» спорт түрі бойынша ресми түрде мойындалғанын хабарлаймыз.
Аталған шешім еліміздегі пара спортты дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады. Аталған мәртебе пара жеңіл атлетиканы жүйелі түрде дамытуға, спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындауға, аймақтардағы жұмысты күшейтуге және инклюзивті спорт мәдениетін қалыптастыруға жаңа мүмкіндік береді. Федерация алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық комитетімен бірлесіп, пара жеңіл атлетика бағытын дамытуға арналған бірқатар ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы бұл сенім мен қолдауды жоғары бағалайды және пара спортшыларымыздың әлеуетін дамыту жолында жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.