Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін секіру түрлерінен Азия чемпионатында бақ сынайды

Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін секіру түрлерінен Азия чемпионатында бақ сынайды

18–19 мамыр күндері Қытайда жеңіл атлетиканың секіру түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық деңгейдегі бұл маңызды додаға Азияның үздік спортшылары бас қосады.

Аталған чемпионатта Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Ел намысын халықаралық аренада Мария Ефремова, Надежда Дубровская, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова және Полина Иванова қорғайды. Спортшыларымыз ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру және өзге де техникалық дисциплиналарда сынға түседі. Қазіргі таңда команда толық дайындық кезеңінен өтіп, жаттығу жиындарын жоғары деңгейде жалғастырып келеді. Бапкерлер штабы спортшылардың физикалық және техникалық дайындығына ерекше назар аударып, жарыс алдындағы соңғы түзетулерді жүргізуде.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы бұл жарысты жас спортшылардың халықаралық тәжірибе жинақтауы және Азия деңгейіндегі бәсекеге бейімделуі үшін маңызды кезең деп бағалап отыр. Сонымен қатар, мұндай жарыстао ұлттық құраманың болашақ әлеуетін айқындауға мүмкіндік береді. Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниетті.

Спортшыларымызға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз.