Атырауда «Kids’ Athletics» семинары өтті

Атырауда «Kids’ Athletics» семинары өтті

Атырау облысында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы бастамасымен «Kids’ Athletics» халықаралық бағдарламасы аясында семинар-практикум ұйымдастырылды. Іс-шара білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналды.

Семинардың негізгі мақсаты – балалар арасында жеңіл атлетиканы дамыту, оны кеңінен насихаттау және бұқаралық спорттың дамуына серпін беру. Федерация бұл бастама арқылы жас ұрпақты спортқа баулуды және мектеп деңгейінде жеңіл атлетиканың заманауи әдістемелерін енгізуді көздейді. Іс-шараның ашылуында Федерация өкілдері мен салалық мамандар сөз сөйлеп, мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті. Бағдарлама аясында қатысушылар теориялық білім алып қана қоймай, практикалық жаттығулар арқылы жаңа әдістерді меңгерді. Сабақты сертификатталған лектор Дамир Абулев жүргізді.

Сонымен қатар, өңірлік ұйымдармен бірлескен жұмысты күшейту бағытында келісімдер жасалып, алдағы уақытта Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мен жергілікті құрылымдар арасында тығыз ынтымақтастық орнатылатыны атап өтілді.

Айта кетейік, «Kids’ Athletics» бағдарламасы 4–14 жас аралығындағы балаларға арналған және бүгінде әлемнің 100-ден астам елінде табысты жүзеге асырылуда.