ASTANA CITY MARATHON Пресс-релиз

ASTANA CITY MARATHON Пресс-релиз

Қазақстан жеңіл атлетика Федерациясы 13 қазанда елорда көшелері арқылы өтетін Astana City Marathon мақтанышпен жариялайды. Биылғы жылы марафон халықаралық спорт аренасындағы маңыздылығын көрсететін World Athletics Road Race Label санатында мәртебеге ие болды. Astana City Marathon  жаңа, ауқымды The Great Steppe Run жобасы аясындағы алғашқы жүгіріс екенін және бұл шараны жыл сайын өткізу жоспарланып отырғанын қуана хабарлаймыз.

Қашықтықтар мен Форматтар

Astana City Marathon 2024 қатысушыларға әртүрлі қашықтықтар мен форматтарды ұсынады:

  • Толық марафон (42,2 км) – толық марафонның қашықтығын еңсеруге және қиындықты көтеруге дайын адамдар үшін.
  • Экиден – қатысушыларға ортақ мақсатқа бірігу мүмкіндігін ұсынатын командалық эстафета.
  • 10 км – тәжірибелі жүгірушілер үшін де, жаңадан бастағандар үшін де қолайлы қашықтық.
  • Скандинавиялық жүріс – жүгірусіз белсенді қозғалысты ұнататын, бірақ физикалық белсенділіктің жоғары деңгейін сақтайтындар үшін.

Басты Серіктестер

Astana City Marathon іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқан елеулі серіктестердің қолдауымен өткізілуде: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Sport Qory» спортты қолдау қоры, Астана қаласының әкімдігі, «Kazzink» ЖШС және Tassay.

Жүгіру: №1 спорт

Жүгіру - әлемдегі ең қолжетімді және танымал спорт түрлерінің бірі ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтының маңызды бөлігі болып табылады. Astana City Marathon біздің жүгіруді танымал етуге және белсенді өмір салтын қолдауға деген ұмтылысты көрсетеді. Бұл оқиға елорданың спорттық өміріндегі айтулы оқиғаға айналып, кәсіпқойлар мен әуесқойларға қуаныш сыйлайтынына сенімдіміз.

«Біз Astana City Marathon-ның The Great Steppe Run жобасының бір бөлігіне айналып, Дүниежүзілік марафондар сериясына енгеніне қуаныштымыз. Бұл шара біздің амбицияларымызды көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар жүгірудің нөмірі бірінші спорт түрі ретіндегі мәртебесін нығайтады. Біз серіктестерімізге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз және бұл ұмытылмас спорт мерекесі болатынына сенімдіміз», - деді Қазақстан жеңіл атлетика Федерациясының атқарушы директоры Павел Кукин.

Astana City Marathon 2024-ке тіркелу басталды. Қатысу үшін және  жарысқа тіркелу туралы қосымша ақпарат: маршруттар, қатысу ережелері мен тіркелу үшін іс-шараның ресми сайтына кіріңіз.

Баршаңызды осы айтулы оқиғаға қосылуға және Астанада өтетін ауқымды спорт мерекесінің бір бөлігі болуға шақырамыз!

Astana City Marathon – шекараңызды бізбен бірге жеңіңіз!

www.greatstepperun.kz

e-mail: info@marathongsr.kz

тел: +7 777 858 2331