Астана қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы мен 2004-2005 ж.т. юниорлар арасында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы мен 2004-2005 ж.т. юниорлар арасында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды

Жарыстарда еліміздің 17 өңірінен 407 атлет бақ сынады. Оның ішінде 124 спортшы ел Кубогында, ал 285 атлет юниорлар арасындағы Чемпионатта өнер көрсетті.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында барлығы 65 медаль жиынтығы ойнатылды. Қорытынды бойынша юниорлар арасында Иван Тетерин мен Мария Шувалова алғаш 200м қашықтыққа жүгіруден спорт шебері атағын қорғады.

Қорытынды командалықесепте Қарағанды облысы командасы І орын, Алматы қаласы ІІ орын, ал Шығыс Қазақстан облысы командасы ІІІ орын иеленді.

Жарыстар "QAZAQSTAN" жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтті.