Астана қаласы жеңіл атлетика Федерациясының басшысы Алтай Көлгінов IV U18 Азия чемпионатының жүлдегері Анастасия Колоданы қабылдады

Астана қаласы жеңіл атлетика Федерациясының басшысы Алтай Көлгінов IV U18 Азия чемпионатының жүлдегері Анастасия Колоданы қабылдады

Астана қаласы жеңіл атлетика Федерациясының басшысы Алтай Көлгінов IV U18 Азия чемпионатының жүлдегері Анастасия Колоданы қабылдады. Бүгін спортшы Кувейттен оралды. Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлет Анастасия Колода Кувейтте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатында кедергілермен 400 метрге жүгіруден екінші орын алды. Бұл Астана қаласы үшін соңғы жылдарда алған құрлықтық ауқымдағы алғашқы медаль.
Сондай-ақ кездесуде елордада өтетін 2023 жылғы қысқы жарыс маусымына дайындық бойынша спортшылардың болашақ жоспарлары, талантты спортшыларды қолдау шаралары және Qazaqstan жеңіл атлетика кешені базасында жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар спорт мектебін ашу талқыланды.