Гонконгта өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының онсайыс шебері Асқар Өмірзақ жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшы 6774 ұпай жинап, қола медаль иеленді. Бұл нәтиже оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш болып тіркелді. Сондай-ақ Асқар бірнеше бағдарламада жоғары нәтиже көрсетіп, жеке рекордын 323 ұпайға жақсартты.
Жарыс жеңімпазы үндістандық Рахул Джахар (7185 ұпай) болса, күміс жүлде Упкар Упкарға (6854 ұпай) бұйырды. Қазақстандық Аян Жанбакиев 6462 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.