Анастасия Рыпакова Ташкентте күміс жүлде алды

Анастасия Рыпакова Ташкентте күміс жүлде алды

Анастасия Рыпакова Ташкентте күміс жүлде алды

Жеңіл атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан III Орталық Азия чемпионатында Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден екінші орын иеленді.

Қазақстандық спортшы бесінші мүмкіндігінде 6,09 метрге секіріп, жарыста алға шықты. Алтыншы мүмкіндігінде де осы нәтижесін қайталады. Қорытындысында ол жеңімпаз Алина Чистяковадан небәрі бір сантиметрге қалып, күміс жүлдегер атанды.

Ұзындыққа секіру. Әйелдер:

1. Алина Чистякова (Қазақстан) — 6,10 м
2. Анастасия Рыпакова (Қазақстан) — 6,09 м
3. Розарио Тиа Луиза (Сингапур) — 6,08 м